Қазақстан жастарының ақпараттық қызметі Қазақстанның он алты қаласының Жастар саясаты бойынша басқармалары және қоғамдық жастар кеңестерінің қызметтері бойынша зерттеу жүргізді. Нәтижелері ZhasCamp бейресми конференциясында ұсынылады. 2015 жылдың 1 тамызынан 10 қыркүйекке дейін Қазақстан жастарының агпараттық қызметі он алты қаласында жастар саясаты басқармасының мамандарымен телефон арқылы сауалнама өткізді.
Сауалнаманың мақсаты олар атқарып жатқан қызметтердің тиімділігін зерттеу, сонымен қатар әкімдіктер жанындағы қоғамдық жастар кеңестерінің белсенділігін және жағдайын зерттеу болып табылады. Басқарманың қызметкерлеріне олар қандай жобаларды жүзеге асырғанын, жастардың қандай мәселелерін шешіп жатқанын, қанша жастарды қамтып келе жатқанын, қай ұйымдармен қызмет жасайтынын, қоғаммен қалайша тіл табысып жатқанына байланысты және тағы басқа сұрақтар қойылды . Қоғамдық кеңестердің жұмысы бойынша сұрақтар бөлек топтамада болды: олар қалай жасақталады құрамын қалайша жинайды, олардың қызметтері немен реттелінеді, оған қанша жастар кіреді, жұмыстың нәтижесі қандай.
Біз 16 Жастар саясаты басқармаларына телефон соқтық, және де анонс ретінде сіздермен атқарылған жұмыстың кейбір әсерлерімен бөліскіміз келіп тұр.
16 Жастар саясаты басқармалардың ішінен жазбаша ресми жолдаманы тек екеуі талап етті: Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары.
Ал ШҚО ЖСБ бізді «тергеу астына алды»: олардың қызметтерін тексеруге бізді кім уәкіл етті, тапсырыс берген кім, ақы төлеген кім, ынта көрсеткен кім. ШҚО ЖСБ қызметкері біз тегін жұмыс атқарып жатқанымызға күмәнді болып, бізді бір заңға сүйенуге нұсқау берді. Осы заң негізінде барлық зерттеулер жүргізіледі-мыс.
Оңтүстік Қазақстан облысының ЖСБ қызметкері дөрекі сөздерді айтып, оның жұмысы көп екенін айтты, және де біз сияқты «не істейтінін білмей, күні бойы тек қоңырау шалуды білетін» адамдарға оның уақыты жоқ екенін білдіртті.
Қалған он төрт басқармалар біздің сауалнамамызға жауап беруге келісті: соның ішінде он екісі жауаптарын ауызша және бірден берді, ал екеуі жауаптарын электронды поштаға жазып жіберуді сұрады (Қостанай және Батыс Қазақстан облыстары).
Он алты облыстың арасында біз ең бірінші Алматы және Астана қалалардың басқармаларымен телефон арқылы сөйлесе алдық: мамандар телефон тұтқасын тез көтерді, барлық сұрақтарға сыпайы және толығымен жауап берді. Бірде-бір сұрақ қиыншылық тудырмады, әңгіме екі жағдайдада отыз минуттан ұзағырақ болды. Алматы қаласының ЖСБ ынтымақтастықты ұсынды.
Ашық және толық жауап берген облыстарының қатарында: Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Манғыстау, Қызылорда.
Павлодар қаласы Басқарманың қызметкері тіл тигізіп сөйлегенімен, сұрақтарға жауап бергісі келмейтінімен ерекшеленді. Бірақ біз ЖСБ жетекшісі Наталья Нефедоваға қоңырау шалғанда, дәл сол уақытта барлық сұрақтарға сыпайы және толық жауаптарды алдық.
Павлодар, Атырау және Алматы облыстарында жетекшілер сұрақтарға өздері жауап берді.
Жамбыл облысы: сұрақтарға жауап беріп тұрған маман қойылған сұрақтармен сәйкес келмейтін дайын жауаптарды оқып тұрды. Кейін телефон тұтқасын басқа маман алды, және де оның жауаптары ойға қонымды болды.
Атырау облысы: қоңырауға өзін «келін» деп таныстырған қыз сұрақтарға мүлдем жауап берген жоқ. Одан кейін интернетте бар болған барлық телефон нөмірлерге қоңырау шалып, енді атымызды атаған кезде жолданым иелері тұтқаны қойды. Ұзақ іздестіру өткен соң, біз Басқару басшысына қоңырау шалдық және керек жауаптарды алдық.
Ақырында қол жетімділіктен, сападан және коммуникация тиімділігінен ең соңғы орында орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысы болып шықты. Онда Білім беру, жастар саясаты және тіл дамуының басқармалары бізді бір маманнан басқа маманға жіберуден рекорд қойды. Бұл орта есеппен жұмыс күнінің жартысын алды, біз жеті адамға қоңырау шалдық, бірақ ешқайсысы бізге жөнді жауап қайтармады. Сөйлесуге қол жеткізген мамандардың бірі қалғандары сияқты жауап беруге бас тартты. "Какой отдел Вы курируете?" деп сұрағанда "Что есть то и курю" деп жауап берді.
ОҚО жастар саясаты бөлімінің барлық қызметкерлері жауап беруге міндетті емес екенін сылтау қылды. Бөлімнің жетекшісі Болат Жанабилов жастар саясаты бөлімі міндетті екенін түсіндіріп, қайта оларға жібере берді. Ақыр аяғында бізбен өрескел түрде «басты маман» сөйлесті. Ол ресми жазбаша өтініш жіберуді сұрады, бірақ кімнің атына және қай мекен-жайға жазу керек екеніне қосымша ақпаратты бермеді. Сөйлесуді тіл тигізіп бітірді, оның бізбен сөйлесетін уақыты жоқ екеніне ерекше көңіл аударды.
...Біздің жұмысымыз қаншалықты тиімді екенін бағалайтын олар емес, ал атқарушы үкіметтің қызмет тұтынушылар – жастар. Сауалнаманың нәтижелері панельдік пікірталастың негізіне салынады және 10 қазанда Шымкентте, 17 қазанда Астанада, 24 қазанда Ақтауда ZhasCamp жастар конференциясының тұсаукесерінде айтылып талқыланады, сонымен қатар Білім министрлігіне жіберіледі.
Барлық сұхбаттар диктофонға жазылған, барлық спикерлер бұл туралы хабардар болды.