Жастар [бей] конференциясы

25-26 октября
Алматы

Қолдаушымыз кім: ZhasCamp артында кім тұр?

12.09.2015

ZhasCamp жақындап жатыр және ұйымдастырушылар командасының жұмысы қиындады. Өйткені біз сіздерге барлығы ұнағанын өте қатты қалаймыз, ал бағдарлама жаңалықтар ашуға, шабыттануға, жаңа жобаларды жасап, оларды өзінің «азаматтың төлқұжатына» жазуға көмектессін деп қалап жүрміз. Және сізді ZhasCampатты «бәлішті» дайындауға көмектесіп жатқан адамдармен таныстыруға асықпыз.


Бұл оқиға осыған өзінің уақытын, күшін, тәжірибесін, икемділігін, контактілерін, байланыстары мен ақшаларын жаратып жатқан жүздеген адамдардың және оннан астам ұйымдардың тырысуымен жыл сайын ұйымдастырылады. Олар: донорлар, бизнес серіктестер, БАҚ және қоғамдық ұйымдар.

Жастар қоғамдық ұйымдары – бұл ZhasCamp ішіндегі сіздің қолыңыз, құлағыңыз және көзіңіз.Олар сіздердің жоғары оқу орныңызға плакаттарды әкеліп көрсетеді, олар сізді әлеуметтік желіде тіркеліп, ZhasCamp-те қатысуға шақырады, сұрастыруды өткізетін де олар, кэмп үлкен және қызықты болсын деп қалған барлық серіктестерді ынтымақтастыққа шақыратын да осы жігіттер. Ұйымдастырушылар мен серіктестер командасы сіздер үшін барлық ресурстарды жинақтап, әрқашан тегін жұмыс істейді.

Сонымен, биыл ZhasCamp 2015 [бей]ресми конференциясының серіктестері Ақтаудағы Үкіметтік емес «Эко Маңғыстау» мекемесі және Астанадағы Ұлттық волонтер қауымы болып табылады.

Үкіметтік емес «Эко Маңғыстау» мекемесі — бұл партияда жоқ, бейкоммерциялық және беймемлекеттік ұйым. Өзінің жұмысын қоғамға қолайлы және қоршаған ортаны сақтап атқарады, сонымен бірге азаматтық белсенділікті дамыту және экологиялық сауаттылықты көтеру арқылы жергілікті халықтың азаматтық белсенділігін жоғарылатады.

«Эко Маңғыстау» 2000 жылы 15 қарашада негізін құрған. Ұйым негізінде мектеп оқушыларына, студенттерге арналған экология бойынша ашық сабақтар, сонымен қатар тақырыптық семинарлар, дөңгелек үстелдер мен экологиялық кино фестивальдерін өткізіледі.

Бұдан басқа, ұйым басты адам құқықтары; табиғат қорғау туралы заңнама; жергілікті мәселелердің шешуінде жастар мен әйелдердің қатысуы салаларында азаматтық білім беруімен (семинарлар, тренингтер, кеңестер) айналысады және де Қоғамдық экологиялық инспекцияларды (ҚЭИ) өткізеді.

Ұйым туралы толығырақ білгіңіз келсе: http://ecomangystau.kz/

Астанадағы Ұлттық волонтер қауымы (ҰВҚ) — азаматтардың, азаматтық қоғам институттарының, бизнес сектордың және Қазақстан мемлекеттік құрылымдардың арасындағы еріктіктің, еріктік ынта және еріктік қызметтер мәдениетін қолдау, қалыптастыру және дамыту мақсатымен 2010 жылы құрылған азаматтар мен заңды тұлғалардың ерікті бірлестігі.

Ұлттық волонтер қауымы еркін адамдарды ЭСКАТО мемлекеттерінің конференциясына, Азия Қысқы ойындарына, ОБСЕ форумдарына, Қазақстан халықтарының ассамблеясы өткізетін сессияларға және тағы басқа іс-шараларға қатысуға дайындайды.

Сонымен қатар, тұрақты негізінде Еркін адам мектебін жүргізеді, ал ең танымал дәстүр жыл сайынғы Көктемгі «Неделя добра» болып саналады. Бұл жоба барлық жастағы азаматтар өз еркінімен көктемгі әлеуметтік-мағыналы әрекеттерде қатысқанын мақсат етеді.

Ұйым туралы толығырақ білгіңіз келсе: http://www.volontery.kz/

Бұдан басқа, бізді Қазақстан қалаларының әртүрлі жастар ұйымдары қолдады, олардың көмегі болмаған жағдайда кэмп осындай көрнекі болмайтын еді. Барлық қалалардағы біздің серіктестеріміздің арқасында біз бүкіл Қазақстанды келе жатқан жастар шаралары туралы хабарлай аламыз, және де қатысушыларды жинай аламыз.

Сондықтан біздің қымбатты серіктестерімізге мың да бір Рахмет:

·SOSҚазақстандағы балалар ауылдары (Астана),

·“Best for kids” ҚҚ (Астана),

·«Жамбыл Жастары» ҚҰ (Тараз),

·«Жастар – саламатты өмір салты үшін» ЖҚҰ

· «Қостанай облысының балалар және жастар ұйымдарының ассоциациясы» ЗТҰ (Қостанай),

·«Жастар бастамасының орталығы» (Қостанай),

·«Шығыс Қазақстан облысының балалар және жастар ұйымдарының ассоциациясы»,

·«Глобус» құқықтық – экологиялық бастамасының орталығы (Атырау),

· ЖҚҰ «Әлеуметтік волонтерлік орталығы» (Павлодар),

·«Назарбаев Университетінің» студенттік үкіметі (Астана),

·Құқықтық медиа-орталық (Астана),

·ШҚО ЖҚҰ АКТИВ (Өскемен),

·«Ардос – Журек» мүгедектердің ұжымы ЗТҰ (Петропавл),

·«Еркіндіктің қанаты» ҚҚ (Шымкент).

Қазақстан жастарының ақпарат қызметі ұйымдастырушыларға және серіктестерге көрсетілген қолдау және көмек үшін үлкен алғыстарын білдіреді! Сіздердің мейірімділіктеріңізге көп рақмет!

Благодарим за поддержку

Ұйымдастырушы

Название

Генеральные партнеры

Фонд Cорос-Казахстан
Название

Партнеры

Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название

Основные партнеры: Места проведения

Название

Главные медиа партнеры

Название

Медиа-партнеры

Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название

Молодежные организации

Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название