Жастар [бей] конференциясы

ПОСТ-РЕЛИЗ: Жастар неғұрлым көп ақпаратты, идеялар мен қарым-қатынасты талап етеді

31.10.2014

25-26 қазан күні Алматыда Сүлеймен Демирел атындағы университеттің ғимаратында жастардың белсенділік мәселесіне арналған бесінші ZhasCamp'14 бейресми конференциясы өтті.

436 жас белсенділер ZhasCamp’14 ресми конференциясына қатысты және олардың ішіндегі 90-ыҚазақстанның барлық аймақтарынан келді. Оқиға бағдарламасында ішінен 8 арнайы Алманиядан, Ресейден, Украина мен Қырғызстаннан келген 31 сарапшы сөз сөйледі.

Бұл жылы ZhasCamp 5 жылдық мерейтойын тойлады және ашылу салтанатында ұйымдастырушылар да атап өткендей, барлық елден қатысушылар жинайтын жалғыз ғана тәуелсіз республикалық жастар алаңы жылдан жылға қазақстандық жастардың арасында барынша талапқа ие және болжалды бола түсуде. Оның қатысушыларының саны өткен жылмен салыстырғанда 100-ге артты, ал серіктестіктің саны 2010 жылы іске қосылған сәттен бастап 3 есеге өсті.

Екі күн ішінде жастар «Қоғам», «Бизнес», «Ғаламтор» және «Өнер» секілді төрт блокта 16 тұсаукесерді, сонымен қатар «Саясаттанушы VS жастар: неліктен біз сіздерді Молотовтың коктейлі деп санаймыз» және «Қалаларды көріктендіру» секілді 2 панельді пікірсайысты тыңдады, 3 тренингтен өтті және Ашық бағдарламада бір-бірімен пікірлерін бөлісті.

«Панелді пікірсайыстарда біз өзіміздің жастарға жаңалықты немесе трендті көрсету жайлы тапсырмаларды қойдық. Мысалы, қазақстандық саясаттанушылардың Молотовтың Коктейлі атты кітабы БАҚ және сараптамашылар ортасында кең талқыланды, алайда көпшілік жастар одан әлі күнге еш хабарсыз. Сондықтан біз осы басылымды өз тыңдаушыларымызға ұсындық, оларды авторлармен таныстырдық және кейбір сұрақтарды қоюға мүмкіндік бердік, –дейдіБАҚ үйлестірушісі Василина Атоянц. – Дәл осыны, қаланы көріктендіру тақырыбы туралы да айтуға болады: Алматыда соңғы екі жылда вело-жолдардың санын арттыруды жақтаушы, ескерткіш көбейсін деуші немесе жаңа урбанистік шешімдер ұсынушы бірнеше қоғам пайда болды, халықаралық сарапшылар өз тәжірибелерін ұсынады, ал қала билігі қызықты жобаларды жүзеге асыруда – осының барлығын жастардың білуі және пікірлесе алуы керек».

«Қатысушылардан ең жиі келіп түскен сұрақ – неліктен уақыт соншалықты аз? – дейді Қазақстанның Жастар ақпараттық қызметінің бас директоры Ирина Медникова. – Олар бір минуттарын да жоғалтпастан, бір сессиядан бір сессияға аудиториялардың арасында жүгіріп жүрді және тек қана өздерінің барлық сұрақтарын спикерлерге қоя алмадық деп өкінді. Біреулері әрбір спикерді бір немесе бір жарым сағат тыңдап, ал өзара тағы тұтас бір күн әңгімелесу үшін конференцияны 4 күнге дейін ұзартуды ұсынды. Осының барлығы жастардың ақпаратқа, пікірлерге, қарым-қатынас жасауға және network деген аса үлкен сұранысын білдіреді. Біздіңше, бұл сұранысқа осы біздің конференциямыз секілді 10 конференция жауап беруі тиіс секілді».

Алғашқы күннің соңында жұмыстың шаршаңқылығын қонақтар зумба биімен басты. Арнайы шақыртылған жаттықтырушы Раушан Сарбалинова қатысушылар үшін бір сағаттық жаттығу өткізді.

ZhasCamp шеңберінде дәстүрлі түрде бірнеше байқау өтті:

Beeline өнімдері мен баға ұсыныстарын басқару жөніндегі директор Сергей Нищев өз лекциясының белсенді тыңдаушыларына Beeline-нан Wi-Fi роутерлер сыйлады, сонымен қатар кездейсоқ жеребе тастау арқылы Samsung Tab планшеті ойнатылды.

Ұйымдастырушылар аяқастынан екі байқау өткізді: жеңімпазы Лейла Зикирияева болып табылатын Twitter-де 100-ші жарияланымға және жеңімпазы Дания Касенова болған Instagramm –да 50 жарияланымға. Жеңімпаздар МАРС компаниясынан бір кәрзеңке шоколадтан және RG Brands-тан Gracio шырынына ие болды .

Тағы бір байқау – Сорос-Казахстан Қорынан Projects Market ZhasCamp желісі бойынша пайда болған, одан кейін оның қатысушылары тарапынан хабарлай отырып жүзеге асырылған жобаларды іздеуді және марапаттауды өз мақсаттары етіп қойды. Байқау жеңімпаздары Мария Крикунова (Қарағанды) мен Меруерт Тагленова (Теміртау) болды. Мария Крикунова балалар үйінің балаларына қолдау көрсету жобасының жалғасына 1000 доллар көлемінде ақшалай сыйлық, ал Меруерт Тагленова – өзінің «1+1» бастамасының жалғасына 500 доллар көлемінде ақшалай сыйлық алды.


«Бақыт деген не?» атты байқау Face to face медиа-портал тарапынан алаңқайда ұйымдастырылды, және бұл жерде қатысушылардан өзінің бақытты selfie мен бақыт туралы түсінігін ZhasCamp Instagramm-ына жіберу талап етілді. Байқауға 20 адам қатысты, ал оның жеңімпаздары мыналар болды: Мерейли Хамитова (1 орын, Beeline –нан Wi-Fi роутер), Андрей Савчук (2 орын, Face to face медиа-порталынан кітап және RG Brands-тан Gracio шырыны), Катя Карякина (3 орын, Face to face медиа-порталынан кітап және RG Brands-тан Gracio шырыны).

Сонымен қатар, «Төбе» мәдени қоры конференция қатысушыларына I-azamat әлеуметтік пікірлер байқауында 3 кепілдендірілген бәйгелі орындарды ұсынды.

Конференция бітерде ұйымдастырушылар брендің логотипі мен «Бізге 5 жыл» деген мерекелік жазуы бар үлкен торт алып келді. Қатысушылар шын ықыластарымен дәм татты, ұжымдық ескерткіш суретке түсті және келесі жылға дейін қоштасты.

Оқиға ұйымдастырушылары – Қазақстанның Жастар ақпараттық қызметі, басты серіктестер: Сорос-Казахстан Қоры, Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығы мен Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы Қоры.

Серіктестер Beeline брендімен Кар-Тел ЖШС, МАРС Қазақстан, Asu брендімен RG-Brands, Lipton және Grizly, сонымен қатар Microsoft Kazakhstan компаниялары.

Басты медиа серіктес: Face to face порталы.

Оқиғаға «MOLOOKO» күнделікті ғаламтор-журналы, And.kz интерактивті ақпараттық-талдамалық ресурсы, «Бизнес&Власть» іскерлік газеті, Yvision блог-платформасы,Blogbasta.kz сайты, «Радиоточка» порталы, Profinance.kz Қазақстанның қаржылық ақпараттық-талдамалы ресурсы, Gazeta.kz медиа-порталы, КИМЭП университетінің KIMEP Times дербес студенттік газеті, MediaNet журналистиканың халықаралық орталығы мен Накануне.KZпорталы қолдау көрсетті.

Оқиға туралы www.zhascamp.kz. сайтынан толығырақ білуге болады.

Суреттер: https://www.flickr.com/photos/128837248@N06/

Қосымша ақпарат:

Василина Ларина, медиа үйлестірушісі: +7-705-266-42-25, vassilina7@gmail.com.

Ирина Медникова, ҚЖАҚ ҚҚ бас директоры: +7-701-741-90-04, irene.mednikova@gmail.com.

Благодарим за поддержку

Ұйымдастырушы

Название

Генеральные партнеры

Фонд Cорос-Казахстан
Название

Партнеры

Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название

Основные партнеры: Места проведения

Название

Главные медиа партнеры

Название

Медиа-партнеры

Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название

Молодежные организации

Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название