Жастар [бей] конференциясы

25-26 октября
Алматы

​ZhasCamp’14 өткізу орны – SDU

18.08.2014

Биыл [бей]конференция нағыз Camp үлгісінде өтпек – біз қала сыртына шығамыз!Алматының дәл шыға берісінде, Қаскелең қаласында Сүлейман Демирел атындағы университеттің супер-заманауи кампусы орналасқан: бұл дизайн мен техниканың соңғы үлгісі бойынша жабдықталған су жаңа оқу корпусы, керемет тау көрінісі ашылатын жасыл алқап және қала сыртындағы кеңшіліктің тыныштығы.

Демалыс күндері біз жастар дамуының ең маңызды әлемдік трендтері жөнінде тілдесу және құлақ асу, бастамаларымыз үшін пікірлестерді табу, бір жылға алдын ала қызықты жұмыс таңдау, таулар айналасында кешкі музыкамен билеу және жарқын фотосессиялар өткізу үшін шуылдаған қаладан бас алып қашамыз.

Бізді әлеммен WI-FI ғана байланыстыратын болады: әріптесіміз конференцияда тегін интернет- қамтуды ұсынады.

Еліміздің үздік оқу орындарының бірі жөнінде бір ауыз сөз.

Сүлейман Демирел атындағы Университетті 1996 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Сүлейман Демирел ашты. Қазақстандық президенттің ұсынысымен университет Түркия Президентінің құрметіне Сүлейман Демирел есімімен аталды.

Университет халықаралық үлгідегі бағдарламамен жұмыс жасайтын жеке меншік оқу орны болып табылады. Университеттің негізгі мақсаты бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша, сондай-ақ біліктілікті арттыру саласында қолжетімді бағамен сапалы білім беру қызметтерін көрсету болып табылады. Университет бағдарламаларының шүбәсіз артықшылықтарының бірі- ілгерінді пейіл, елдегі өзгермелі әлеуметтік, саяси және экономикалық жағдайларға қатысты икемділік, бейімделу.2010-2011 академиялық жылдан бастап SDU студенттері 7000-нан астам адамның білім алуына мүмкіндіктер жасалған жаңа «Smart Campus» қалашығында білім алады. Жоба 16 дәріс залынан, 120 дәрісханадан, 1 конференц-залдан, 1 стадионнан, 1 жаттығу залынан, 8 компьютерлік класстан, 3 ғылыми-зерттеу орталығынан, 8 факультеттен тұрады. Кампуста студенттер үшін 2 интернет-кафе, медициналық орталық, 2 жатақхана және, қоры заманауи дерекнамалардан тұратын 2 бай кітапхана, сондай-ақ электрондық кітапхана жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта жобаның жартысы аяқталып, қолданылуға тапсырылды. Осының бәрі студенттер, оқытушылар мен қызметкерлердің барлығы үшін қолжетімді.

ҚЖАҚ SDU-іне [бей]ресми конференцияны қолдағаны үшін алғыс білдіреді!

Благодарим за поддержку

Ұйымдастырушы

Название

Генеральные партнеры

Фонд Cорос-Казахстан
Название

Партнеры

Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название

Основные партнеры: Места проведения

Название

Главные медиа партнеры

Название

Медиа-партнеры

Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название

Молодежные организации

Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название